Warning: Creating default object from empty value in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/plugins/system/jat3/core/joomla/modulehelper.php on line 320
Ректордың кызметі

Ректордың кызметі

18 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін анықтау үшін кешенді тексеруге келген республикалық топ мүшелері оқу орнында болды. Бағдарлама аясындағы жұмыстармен танысты.

18 маусым күні ректор Дария Пернешқызы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында құрылған офисте болып, аталған жұмысқа байланысты атқарылатын іс-шаралармен танысты. Жалпы   рухан жаңғыру бағдарламасы аясында құрылған топтың миссиясы, мақсаты және өзектілігін анықтады. Сондай-ақ, жұмысшы топтың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түстен кейін ректор Дария Пернешқызы жергілікті «Айғақ», «Отырар» және Қазақстан ұлттық арнасының ОҚО -дағы филиалы  «Оңтүстік» телеарнасының журналистеріне сұхбат берді. Журналистерді қызықтырған сұрақтардың бірі болашақ жұмыс жоспары төңірегінде, оқу үрдісі, студенттердің жағдайы, жалақы мәселесі, ғылыми жаңалықтардың іске асуы,  жемқорлық туралы болды.

18 маусым күні ректор Дария Пернешқызы оқу орнында ректорат мәжілісіне қатысты. Ректоратта қаралған мәселелер:

  1. Білім алушылардың қорытынды аттестатталауын және университеттің Мемлекеттік аттестаттау комиссиялары төрағаларының есептерін талдау. Баяндамашы: Тіркеуші кеңесінің  директоры Байнеева Фарида
  2. 2017-2018 оқу жылындағы оқытушы-профессорлар құрамының шетелдік тағылымдамалары  мен біліктілікті арттыру нәтижелері. Баяндамашы: тексеру комиссиясының төрағасы Сатаев Марат.

Ректор Дария Пернешқызы бірінші баяндамашының жұмысын қабылдамады. Баяндамашы  жұмысты жалпылама жасаған, нақты көрсеткіштер көрсетілмеген. Ғылыми кеңеске қалдырылды. Сондықтан, ректор білім алушылардың қорытынды аттестатталуы мен   мемлекеттік аттестаттау комиссиялары төрағаларының есептерін әр факультет өздерінің ғылыми кеңестерінде қарап, саралап, қорытынды шығарып, солардың бәрін біріктіріп, оқу орнының ғылыми кеңесіне ұсынулары қажет екенін  тапсырды.

Екінші баяндамашының жұмысын тыңдай келе, баяндаманың негізінде ректор біраз сұрақтар қойды. Мысалға: Шетелде біліктілігін арттырып келген мұғалімдер қандай тәжірибе жинақтады, сол алған тәжірибесіне сүйене отырып, қандай ұсыныстар жасады? Нені өзімізге қабылдадық? Шетелден мамандар неге тартылмаған?

Ректор маңызды деген мәселелер төңірегінде сөз қозғай отырып, осындай жиындарда тек есеп беру ғана мақсат еместігін айтты. Тәртіпке қатаң көңіл бөлетіндігін де жеткізді. Сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы, академиялық ұтқырлық туралы да сөз болды.  Академиялық ұтқырлыққа байланысты туындаған проблемалардың шешу жолдарын проректорлар        Қ.  Байболов,  М. Сатаевтарға тапсырды.

Ректоратта сонымен бірге техникалық бағдарламаларға сәйкес шетелден күзге дейін  7 мұғалім тарту тапсырылды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша, академиялық ұтқырлық бойынша профессор-оқытушылар құрамын да тарту керектігі айтылды.

Бұдан әрі ректоратта әр түрлі мәселелерден  ҰБТ-ға дайындық барысы қарастырылды. Қабылдау комиссиясының төрағасы М.Айтөреев жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. 11 аудитория дайын. 20 маусым күнгі  тест тапсыратындар саны 747 түлек, 22 күнгі тест тапсыратындар саны 784 түлек. Бейнекамереалар қойылған. Қауіпсіздік қызметі, оның ішінде төтенше жағдайлар жағдайында да алдын алу жұмыстары,  ата-аналарға күту алаңшалары қарастырылған. Ректор  қабылдау камиссиясының төрағасына дайындық жұмыстарын  тағы да бір пысықтап алуды тапсырды.

11маусым күні   университетке Білім және ғылым  вице-министрі Бибігүл Амангелдіқызы  Асылова ханым келді. Ректор  қонақты Дария Пернешқызы оқу орынның біраз жерлерімен таныстырды.

Бұдан әрі  Дария Пернешқызы Қазақстан Республикасындағы V халықаралық жерді дегредациялау жазғы мектебін өткізу туралы жиынға    вице-министр Бибігүл Амангелдіқызымен қатысты. Вице-министр жиынға қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұл жазғы мектеп   Қазақстанда алғаш рет 2  11-16 маусым аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде   шетелдік серіктес - университеттермен бірлесіп  іске асырып отыр. Жерді дегредациялау атты    V халықаралық жазғы мектеп  жоба аясында  "Халықаралық университеттер ынтымақтастығы IUCLAND еуроазиаттық елдерде жерді қорғау" бойынша Қытай, Италия, Хорватия, Словакия және Қырғызстан сияқты елдерден 40-тан астам шетелдік ғалымдар мен студенттер қатысты.  Бұл отырысты «Хабар» телеарнасы, «Отырар», «Отuстік» атты жергілікті телеарналар түсірді.

4 маусым күні  ректор кешке Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің жұмысы туралы есебін тыңдады.  Ректорды қызықтырған сұрақ факультеттің алға қойған мақсаты, жоспары, проблемалары, жұмыстың әлсіз және күшті жағын анықтау.  Факультетте студент саны аз мамандықтардың болашақтағы тағдыры, жалақыны көбейту үшін нені қарастырған жөн, профариентацияның өз деңгейінде еместігі, практика бойынша қарыз студенттердің мәселесі туралы қызу талқылау болды.Биылғы бітірушілерді оқуға көптеп шақыру және оның тиімді жолдары қарастырылды.


Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 117

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 123

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 117

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 123

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 117

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 123

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 117

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 123