Warning: Creating default object from empty value in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/plugins/system/jat3/core/joomla/modulehelper.php on line 320
Ректордың кызметі

Ректордың кызметі

4 маусым күні  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бір топ өкілдері мен студенттері «Оңтүстік Қазақстан облысына экскурсия» атты жобамен  өлкемізге келді. Олардың мақсаты өңіріміздің табиғатын, өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларының қарқынды дамуына көз жеткізу. Қонақтар алдымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға келіп, оқу орнымен танысты.

31 мамыр күні ОҚО Қазақстан xалқы Ассамблеясының XXI сессиясы болып өтті. Аталмыш жиынға этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, аудан, қала әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары және зиялы қауым мен  жоғары оқу орындарының ректорлары, жастар қатысты.

Сессияға облыс әкімі төрағалық етті. Алдымен бір минут үнсіздіктен кейін облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев баяндама жасап, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында жүктеген бірқатар міндеттерінің  облыста жүзеге асырылу барысына тоқталды. Сонымен бірге  ОҚО Қазақстан xалқы Ассамблеясының қызметін де атап өтіп, ондағы  жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Негізгі баяндамашыдан кейінгі сөзді М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы алды.  Мінбеге шыққан ректорды облыс әкімі сессияға қатысушыларға арнайы таныстырды, жұмысына сәттілік тіледі. Д.Пернешқызы да  мінбеден  өз рахметін айтты.

Бұдан әрі ректор өз сөзінде  Қазақстан Халқы Ассамблеясының өміршеңдігін және  еліміздің тұрақтылығы мен татулығына  қызмет етіп келетінін баса айтты. Сондай-ақ,  сонау қиыншылық кезі көп  ұлтты  бауырына тартқан  қазақ халқының кеңпейілділігіне тоқтала келе, қазақты қасиетті қара шаңыраққа теңеп, еліміздегі басқа этностарды сол шаңыраққа шаншылған уыққа балады.

Сессияда сөзге шыққан басқа да сөйлеушілер қазақ халқына бас иіп, алғыс айтып, өздерінің осынау өмірде бейбіт, тату-тәтті болып, ынтымақта өмір сүруі  Елбасының саясатының арқасы екенін зор мақтанышпен жеткізді.

30 мамыр күні  сағат 15:00 де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің акт залында  «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған кездесу өтті. Кездесуді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жанындағы ғылыми сарапшылық тобы, Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы»   арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Сол кездесуде Д.Пернешқызы  сөз сөйлеп, келген қонақтарға құрмет көрсетіп, өз ойларымен бөлісті. Сый-сияпат жасады.

   24 мамыр күні сағат 12 .00-де ректор оқу орнының кеңейтілген мәжілісіне қатысты. Кеңейтілген мәжіліске облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Өмірзақұлы Сағындықов қатысып, ректордың жұмысына сәттілік тіледі. Және бір қатар ұсыныстарын да айтты. Мысалы: жазғы лагерлерге ағылшын тілінен сабақ беретін оқытушылар беруін сұрады...

Толығырақ...

24 мамыр күні ректор Д.Пернешқызы Қожамжарова оқу орнында ашылған ІТ орталығында болды. Дария Пернешқызымен бірге ОҚО  «Нұр Отан» партиясының төрағасының 1 орынбасары Нұрмахан Жолдасов, ОҚО білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, ОҚО әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаевтар да  орталықтың базасымен танысты. Енді орталықта ІТ сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерді оқытып, біліктілігін арттыратын болады.

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 117

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/templates/ja_ironis/html/pagination.php on line 123