Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласында облысымыздың жоғары оқу орындарын үздік бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.  Мерекелік жиында облыс әкімі, жоғары оқу орындарының ректорлары мен түрлі сала басшылары қатысты. Салтанатты іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы да өңірдегі жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне қызыл диплом тапсырып, ақ жол тіледі.