28 маусым күні М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ РЕКТОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова облыстағы БАҚ өкілдерінің біразымен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 Алдымен Дария Пернешқызы өзінің құттықтауында журналистердің еліміздің қарқынды дамуы жолында жасалып жатқан барлық саладағы жұмыстарды халыққа жеткізуде орасан зор еңбектеріне сәттілік пен шығармашылық табыс тілеп, елімізді елдікке, ұлтымызды ұлылыққа, халқымызды бірлікке жұмылдыруда журналистердің қаламдарынан қасиет кетпеуін, олардың жаңалықтарының жағымды, қадамдарының қарымды болуына тілектестігін білдірді.

 Кездесу барысында оқу орнының басшысы журналистермен етене танысып, ашық-жарқын әңгіме құрды. Өзінің жұмыс жоспарларымен де таныстыра отырып, болашақта тығыз жұмыс жасауға шақырды. Журналистер де өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, келешекте бірлесе қызмет ететіндіктерін айтты.