Warning: Creating default object from empty value in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/plugins/system/jat3/core/joomla/modulehelper.php on line 320
15 маусым

15 маусым

15 маусым   түске дейін Дария Пернешқызы проректорлармен, декандар және бөлім басшыларымен кездесті.

Онда Президент әкімшілігінде болып, баяндама жасағанын айтты. Бірақ, сондай-ақ,  Президент әкімшілігінің баяндама барысындағы сын-ескертпелерін де жеткізді. Төмендегі мәселелер бойынша сөз болды және оларды дұрыс жолға қою жөнінде жауаптыларға тапсырмалар берілді.

Талқыға салынған мәселелер:

  1. Университеттің кешенді бағдарламалары дұрыс жасалынбаған. Оны түзеу үшін барлық факультеттер мен бөлімшелердің бағдарламаларын жинап, соның нәтижесінде оқу орнының кешенді бағдарламасын жасау. Офис ашу. Сараптама комиссиясын бекіту. Қандай бағытта жұмыс жасау керектігін анықтау.
  2. Жобалық кеңес құру. Оның миссиясын, міндетін және мақсатын жасау (жауапты Бейсенбаев С.)
  3. Саналы ұрпақ: Студенттерге қандай дәрежеде білім беріліп жатыр?( жауапты Байболов Қ)
  4. 100 кітап.  Аударылған 18 кітапты оқу бағдарламасына қалай енгіздік, қай топқа? Негізгі (базовая) білім беруге ме? ( жауапты Байболов Қ)
  5. Студенттік жоба жоқ  (жауапты  Махжан Исахов)
  6. Универдегі ғалымдардың еңбектерін сараптау. Шығып жатқан мақала мен монографиялар тікелей рухани жаңғыруға қатысты болу керектігіне көңіл бөлу.  Ағылшын тіліне аударылатындарды іріктеп, ұлттық бюроға жіберу керек. ( Жауапты Сатаев.М)
  7. Факультеттерде рухани жаңғыруға байланысты көрсеткіштер жоқ. Стенд, индикаторлар жоқ.  (Декандар)
  8. Жатақхана мәселесі: Мониторинг жасау. Бір жыл істеген жұмыстарына сараптама жасау.  Жатақхана жағдайы, студенттердің жағдайы . Студенттерге, бөлім басшыларына бөлек сараптама жасау ( жауапты Камалдинов)
  9. Таза сессия: Студенттер арасында наразылық бар. Әр бала қандай білімі бар, солай тапсырсын  (ректордың сөзінен). Емтихан тапсыратын баладан тексерушінің саны көп.(Ректор сөзі) Студенттерге зияны тимейтіндей жолын қарастыру керек.
  10. Шет тілінде еңбектерді жарыққа шығару (жауапты Сатаев)
  11. Коррупцияға қарсы бағдарлама. Қандай жұмыстар жасалынды? Сараптама жасау (жауапты Айменов)
  12. ЕНТ-ға шетел студенттерін тарту. ( жауапты Сейдехан Әлібек)
  13. 18 маусым күні факультеттердің презентациясы жалғасады.  Сағат 10:00-де.
  14. Сайт, пиар бөлімі. Сайтқа төмен баға берілді. ( Жауапты Бейсенбаев)