Warning: Creating default object from empty value in /var/www/webmaster/data/www/rector.ukgu.kz/plugins/system/jat3/core/joomla/modulehelper.php on line 320
Вопросы и ответы

Вопросы и ответы

15 маусым күні  түстен кейін ректор Дария  Пернешқызы физиа-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Оразов Исабек Оразұлын қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

 

1 сұрақ: Мұғалімдердің еңбек ақысы төмен, соны көтересіз бе?

Жауап: Айлықты қыркүйектен бастап көбейтеміз. Ол туралы бас есепшіге тапсырма берілді. Қай жерден , қалай үнемдей аламыз? Қарастырылып жатыр.   Негізі 65% -ке көтеруге болады. Біз айлықты 70 % -ке дейін көтереміз деп отырмыз. 

2- сұрақ: Сырттай бөлім қажет емес. Жабу керек.

Жауап: Сырттай бөлім деген келесі жылдан бастап біздің университетте болмайды.

3-сұрақ: Ақылы бөлімге түскен студенттердің ақшасы қайда кетіп жатыр?

Жауап: Бас есепші жауабын дайындап береді

4-сұрақ: Шетел студенттерін қабылдау қаншалықты қажет? Мүмкін шетел студенттерімен жұмыс факультетін жабармыз.

Жауап: Экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшу аясында «Жаңа экономика 3.0 драйвері ретінде білім беру хабын дамыту» жобасы іске асырылуда. Жобаның басымдықты бағыттарының бірі — шетелдік студенттерді тарту.Екі дипломдық білім беруді жүзеге асыру арқылы шетел студенттерін тарту жұмыстарын жалғастыру, ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыру. Сондықтан, шетел студенттерін оқуға қабылдау жалғасын таба береді.

5-сұрақ: Магистратура мен доктарантура оқуға түсетіндер де көңілден шығып жүрген жоқ.

Жауап: Мен 18 маусым күні барлық факультеттер мен бөлімдердің презентациясымен танысам. Сіз де сол күні магистратура мен доктарантура бөліміне келіңіз. Сол кезде жіберілген олқылықтарға шара қолданылатын болады.

6-сұрақ:   Оразов мырза профариентация жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Талапкерлерді көптеп тарту керек екен деп, әйтеуір білімдісі, білімсізіне қарамай қабылдау дұрыс емес деді

Жауап: Елбасының саясатына байланысты әрбір саналы азамат білімге қолжетімді болу керек. Біз әрбір талапкердің статусына қарамай, яғни жағдайының жоғары төмендігіне қарамай оқуға қабылдауға міндеттіміз. Қолында аттестаты болып, тест тапсырып, қажетті 50 балын жинаса оқуға қабылдаймыз. Бірақ. Шығармашылық мамандықа түсіп, кейін басқа мамандыққа ауысамын десе , оған жол берілмейді. Біз білім бере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруымыз керек.

Бұдан әрі Дария Пернешқызы  алдағы уақытта  оқу орнының материалдық-базасын кешенді жоспар мен ұсыныстар  бойынша жаңартылатынын айтты. Барлық жұмыс кезең-кезеңімен іске асатындығына тоқталды.