2016 жылдың 15-16-ші сәуір күндері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ҚР кәсіпкерлік университеттерді дамыту және кәсіпкерлік білім беру сұрақтарын талқылауға арналған  Республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары ретінде Алматы Менеджмент университеті/ Аlmaty Management University  мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ болды.  Дөңгелек үстелдің жұмысына қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, ОҚО РКП директоры А.Б.Абубакиров, ОҚО  кәсіпкерлік мектебінің директоры Б.Т. Дүйсебеков, Ресей Федерациясы  кәсіпкерлікке  оқыту Ұлттық Ассоциациясының  вице-президенті Е.В. Алексеева,  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының өкілдері  қатысты.

     Дөңгелек үстел  барысында  ректор Ж.Ү.Мырхалыков  кәсіпкерлік университетке  жоғары оқу орнын трансформациялау  бойынша  М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәжірибесімен бөлісті, оның концепциясында  студенттер мен қызметкерлердің  кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сонымен қатар жеке жоғары оқу орны кәсіпкерлік  өндірістер мен стартаптарды жасау енгізілген.

     Дөңгелек үстелді өткізу аясында  Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік  білім беруді дамыту Концепциясы талқыланды,  оған  ҚР кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және оқытудың кешенді жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізілген.

     Дөңгелек үстелдің қатысушылары  М.Әуезов атындағы ОҚМУ өндірістік алаңдары мен ғылыми-зертханалық кешеннің жабдықтарымен танысып және олардың деңгейіне   жоғары баға берілді.