Дорогие коллеги и студенты

   

      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып тұрған кезінде оның қызметкерлері азаматтық қызметшілер мәртебесін иеленетін және әр күнтізбелік жылда оларға республикалық бюджеттен арңайы қаржы қарастырылғандықтан ақылы еңбек демалысына жіберілгенде .әрқайсысына сауыктыруға арналған жәрдемақы төленетін.

      «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 544 Қаулысы негізінде қайта құру жолымен Қазакстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің     «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылуына байланысты оның қызметкерлері азаматтық қызметшілер мәртебесінен айырылған.  Осы Үкімет қаулысынан кейін бұрыңғыдай біздің кәсіпорын қызметкерлеріне әрбір күнтізбелік жылға республикалық бюджеттен сауықтыруға арналған қаржы қарастырылмайтын болған.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 239 бабы І тармағы талабына сәйкес азаматтық қызметшілерге күнтізбелік жылда бір рет берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақы 2013 жыл ақпанның 6-да № 14 - ші санымен тіркелген Ұжымдық шарттың міндеттемесіне сәйкес 2013 жыл маусымының 27-іне дейін еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге төленген. 2013 жыл маусымның 27-інде кәсіпорын санатының өзгеріп қызметкерлердің азаматтық қызметші мәртебесі алынып тасталғаннан кейін талқылау баспалдақтарынан өткен жаңа Ұжымдық шарт жасалынып уәкілетті органда ресми тіркеуден өткен.
       «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан  Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 138 бабының 2 тармағында: «Еңбекке ақы төлеу
нысандарын ... өзгеде төлем жүйесін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде       айқындайды»,    -        деп    көрсеткен.  Ақылы       негізде білім алатын студенттердің қаржы қаражаты оларға осы оқу орны қабырғасында мақсатты түрде сапалы білім беруге жұмсалатындықтан басқа мақсаттарға пайдаланылмайды.
       М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қ.Мұсабековтың осы туындаған мәселеге байланысты «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі баскармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Б.Нұрмахановтан алған №160 санды 2014 жылғы қаңтардың 27-дегі жауабында: «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің мемлекеттік мекеме не қазыналық кәсіпорын болмағаны себепті, қызметкерлерге  еңбек'’"демалысын беру барысында сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу жұмыс берушінің қаржылай мүмкіндігін ескере отырып, Ұжымдық шарт арқылы айқындалатын мөлшерде төленетіндігін мәлімдейміз», - делінген.

      Сондықтан, кәсіпорынның жаңа мәртебесіне байланысты жаңа ¥жымдық шарт ағымдағы еңбек заңына сәйкес жасалған және оның талаптары оқу орнының қаржылық-шаруашылық қызметтің атқару барысында басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжат болып есептеледі.

       Ал, 2013 жыл маусымның 27-де №59 санымен тіркелген 2013-2016 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың 9 бөлімі 9.9 тармағында: «Қызметкерлерге (профессор-оқытушылар құрамына, әкімшілік басқару және оқу қосалқы құрамы мен басқа да әкімшілік құрамына) кезекті еңбек демалысын беру кезінде өз кірісі есебінен жинақталған қаржы- қаражатынан (бюджеттен тыс қаражат көзінен) жылына бір рет бір айлық жалақысына дейінгі көлемінде емдік-профилактикалық мақсаттағы жәрдемақы төленеді және жәрдемақының көлемі қаржы - қаражат түсіміне байланысты әр жылы қайта қаралуы мүмкін»,-делінген. ҚР ЕК-нің 285 бабы талабына сәйкес Ұжымдык шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады және Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті.

      Ұжымдық шарттың 9 бөлімі 9.9 тармағы негізінде аталған жәрдемақының көлемі қаржы - қаражат түсіміне байланысты әр жылы қаралуы мүмкіндігін ескеріп, жұмыс беруші 2014 күнтізбелік жылына кәсіпорынның осы салаға жұмсалуы мүмкін қаражаты шеңберінде профессор-оқытушылар құрамына, әкімшілік басқару және оқу - қосалқы құрамы мен басқа да әкімшілік құрамына айлық жалақысының 50 (елу) пайызы көлемінде емдік-профилактикалық мақсаттағы жәрдемақы оқу орнының  Ғылыми Кеңесі шешімімен белгіленгендігі себепті ағымдағы жылы ақылы еңбек демалысы берілген қызметкерлерге аталған жәрдемақы берілуде.

     Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 14 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықты әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарында қызмет ететін азаматтардың еңбекақыларына ай сайын 10 (он) пайыздан үстеме төленуін тапсырғандығына байланысты тиісті іс шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туындауда  және осы жағдайға орай қаржы департаментінің жұмыс жоспары бекітілуі тиіс.

 

       20.02.2014 ж.                                                                                                                                                                         Заң басқармасының бастығы: Д. Анафияев

Послание президента Н.А.Назарбаева

Послание президента Н.А.Назарбаева

17.01.2014 года Президент Н.А.Назарбаева торжественно  произне...

Академическая мобильность

Академическая мобильность

В рамках реализации программ академической мобильности студенты и магистранты ЮКГУ им.М.Ауезова  новый учебный академический год проведут в университетах Италии...

Cоздание молодёжного движения «Мәңгілік …

Cоздание молодёжного движения «Мәңгілік ел»

21.01.2014 года создание молодёжного движения «Мәңгілік ел&ra...